Ұсыныс / пікір

Ұсыныс / пікір

Регель қызғалдағы

Регель қызғалдағы 1887 жылы А.Н.Краснов жергілікті өсетін жері Шу-Іле таулары жинауларынан сипаттаған барлық қазақстандық қызғалдақтардың ішіндегі ең өзгешесі. Сусымаларда, тастақ бөктерлерде, құз жартасты шоқыларда, шөлейт және ыстық мекенорталарда өседі. Оның серіппелі гофраланған матаға ұқсас, беті қалың тарақ тәрізді параллель бездерімен торланған жалғыз жапырағының таңғажайып құрылысы осыған байланысты. Бұндай бейімделу жапырақты қатты кызу мен шамадан тыс буланудан сақтайды.

Ареалы тұтас Шу-Іле таулары массивінде созылып жатқан - оңтүстігінде Күрті өзен аңғарынан бастап, солтүстігінде Жамбыл тауына дейін таралған ежелгі реликті түр. Наурыздың соңы - сәуірдің басында тым ерте гүлдейді. Гүлдері ұсақ, ақ, сыртқы жотасы аздап күлгін түсті. Тек тұқым арқылы ғана көбейеді. Қойлар шикі жемістерін жаппай жейтін болғандықтан, саны мал өрісінің әсерінен қысқаруда. Мал жайылатын аймақтардағы орташа тығыздығы шаршы метрге 3-6 дарақты құрайды, бұзылмаған мекен орталарда 14-27 дарақ. Бұл түрдің ареалы шеңберінде қорғалатын аймақтар жоқ.