Бүгінде Қаратау тауының бөктерінде дүбірлі думан!
Көпшілік асыға күткен "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалінде осындай ерекше көңіл-күй болмақ!
Фестивальда сіз ұлттық бие сауу жарысын тамашалауға мүмкіндік аласыз.
Жүлде қоры 1 000 000 теңге.
Қаз-қатар тізіліп тұрған биелерді сауудан ақ жаулықты аналар мен көктемдей құлпырған қыз-келіншектер арасында өткізілетін жарыстың куәсі болып, жаңа сауылған саумалдан дәм татып, ақ көбігі бұрқыраған бал қымызды дайындау процесінің куәсі болыңыз!
Сондай-ақ қазақтың көне дәстүрі - "Қымызмұрындық" рәсіміне қатысып, тіл үйірер дала дәмін татыңыз!
"Қымызмұрындық" - қазақ үшін айрықша дәстүр! Табиғатты қайта түлеткен көктем мерекесі. Бұл мың дертке шипа болатын қымыздан алғаш ауыз тию рәсімі.
Олай болса, келіңіздер, көріңіздер! Дәстүрімізді бірге ұлықтайық!
"ҚЫЗҒАЛДАҚ МҰРА" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН "БИЕ САУУ" ЖАРЫСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

