Ұсыныс / пікір

Ұсыныс / пікір

Островский қызғалдағы

Островский қызғалдағы 1884 ж. Э.ГІ.Регел Алматы қ. маңайынан сипаттаған. Іле Апатауы, Шу-Іле тауларының оңтүстік бөлігі және Қырғыз жотасының шығыс бөлігінде, төменгі және орта белдеулердегі бөктерлерде, бұталар арасында өседі. Жақын орналасқан үш бедерлі жапырағы бар биік, 25-40 см дейін сабағымен және ортасында қара немесе сары дағы бар қызыл, сирегірек қызғылт сары түсті үлкен әсем гүлдерімен ерекшеленеді. Кейде гүлдері сары түсті. Сәуірдің соңынан мамырдың ортасына дейін гүлдейді. Колпаковский қызғалдағымен жиі будандасып, түстік вариациясы әр алуан будан популяциялар құрайды. Мұндай будан «өскіндер» Қордай асуында ерекше бояулы. Саны жаппай гүлшоқтарына жинау және тау бөктерлерін саяжай құрылыстарына игеру нәтижесінде азайып барады. Алатау қорығында, Іле-Апатау ұлттық паркінде және Қарақоңыз ботаникалық қорықшасында қорғалады.