Колпаковский қызғалдағы 1877 жылы Э.Л.Регель Алматы маңайынан сипаттаған. Жетісу облысының губернаторы, Орыс географиялық бірлестігінің құрметті мүшесі Г.А.Колпаковскийдің құрметіне аталған.
Сазды және құмды шөлдерде, тау етектерінде және Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауларының төменгі белдеулерінде, сонымен қатар Шу-Іле тауларында, яғни Жамбыл облысыны оңтүстігінің барлық жерінде өседі. Үш жапырағы бар биіктігі 30 см дейін жететін жіңішке сабағы, ұзындығы 5-6 см дейін болатын сары гүлі болады. Сәуірдің ортасынан мамырдың басына дейін гүлдейді, жемісі маусымда піседі.
Популяция жиілігі жоғары - 1 м2-қа 100 данаға дейін, бірақ генеративті үлесі 10-20% -дан асуы сирек. Саны реттелмеген жайылымның әсері мен жерді ауыл шаруашылығына жырту нәтижесінде азайып келеді. Популяцияның бір бөлігі Алматы қорығында және Іле-Алатау, Аптын-Емел ұлттық парктерінде қорғалады. Қолда жақсы өседі. Алматы қ. жағдайында алғашқы көшеттер өмірінің төртінші жылында гүлдейді.