Бем қызғалдағы (Тиііра Ьеһтіапа КедеІ) 1880 жылы Іле ауылының маңайынан (бүгінде Қапшағай қаласы) сипатталған. Қазақстанның эндемигі, оңтүстік Балқаш өңірінде кездеседі, Шығыс Бетпақдалаға және Солтүстік Мойынқұмдарға кіреді. Құмды, тасты-қүмды шөлдерде өседі. Оған тән белгілер - топырақтың бетіне дейін жететін пиязшықтың үзын қабыршағы бар, ол сабақтың жер асты бөлігін тығыз қабық түрінде қоршайды. Бүл шөлдің ыстық қүрғақшылық жағдайына бейімделушілігі. Сабағы мықты, биіктігі 40 см-ге дейін жетеді, жапырақтары әдетте 4, шеттері толқын тәрізді. Гүлі сары, әдемі, үзын формалы, кейде сыртқы күлте жапырақтары қызғылт болады. Сәуірдін ортасында - мамырдың басында гүлдейді.
Біздің облыста сирек тағы екі үқсас түрлер кездеседі - Борщов қызғалдағы (Т. Ьогз2сго\л/іі КедеІ) және Леман қызғалдағы (Т. Іеһтаппіапа МегскІ.), сары және жасыл гүлдерімен. Олардың негізгі ерекшелігі - күлтенің төменгі жағында ішінен көрініп түратын ірі қара дақтары бар. Кейбір мамандар Т. Ьеһтіапа және Т. Іеһтаппіапа бір түрге біріктіреді, кейде гибридті популяциялар кездеседі.