Тікаяқты қызғалдақты 1935 ж. А . В . Введенский Үшөзен шатқалынан (Қаратау таулары) сипаттаған. Сызықты, айқасқан - жұп жапырақтарымен, өте қысқа сабағымен, биіктігі 2-2,5 см болатын 1-3 ақ гүлдерімен ерекшеленеді. Наурыздың соңы сәуір айында гүлдейді. Аласа таулардың сазды және тастақ бөктерлерінде өседі. Қазақстан эндемигі. Тек қана Қаратау тауларында кездеседі. Қаратау қорығы мен Берікқара ботаникалық қорықшасында қорғалады.