Кауфман қызғалдағы - мәдени қызғалдақтардың 15 классының біреуіне біріктірілген 200-ден астам мәдени сұрыптың тегі болып табылатын қазақстандық түрлердің ішіндегі маңыздылығы бойынша екінші орындағы түр. 1877 жылы Э.Л. Регел Өзбекстан территориясында сипаттаған. XIX ғ. 60-шы жылдарының соңында ғалымдарды Түркістан табиғатын зерттеуге шақырған Түркістан өлкесінің губернаторы К.П.Кауфманның құрметіне аталған.
Бүл түр тек қана Батыс Тянь-Шань таулары (Өгем жотасынан Қырғыз алатауының батыс бөлігіне дейін) мен Қаратауда, ал елімізден тыс Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралық аймақтарында ғана таралған.
Ол көбінесе таулардың төменгі белдеуінен жоғарғы белдеуіне дейінгі шалғынды беткейлерінде, кейде бүталар мен алмалы ормандардың арасында өседі. Жалпы габитусы, гүлінің пішіні мен түсі бойынша үлкен полиморфизммен ерекшеленеді. Өгем жотасының кейбір сайларындағы тікелей жақындықта 10 шақты әр түрлі формалар байқалған. Бұл жерлерде туынды пиязшықтарды жан-жаққа алып шығатын столондардың (сабақтың жерасты бөлігінің арнайы өскіндері) көмегімен көбейеді. Сол себепті, әр форма лимон-сары, ақ, қою сары, қызғылт сары, кармин, қызыл, ал қызыл және түрлі-түсті дақтардан құралған үлкен кілемге үқсайтын қалың оқшауланған бояулы топтар қүрайды. Жарқыраған ақ шаңқай шыңцардың аясында мұндай алаңқайлар тіптен таңғажайып көрінеді.
Аласа тауларда наурыздың соңынан бастап, таудың жоғарғы белдеулерінде маусымның соңы, немесе тіпті шілденің басына дейін ерте және үзақ гүлдейтіндігімен бағалы. Гүл пішінінің кесе тәрізді немесе бокал тәріздіден үшкір немесе жүмыр жапырақты гүлерікті жүлдызша тәріздіге дейін алуан түрлі болатындығымен де қызықты. Табиғатта Грейг қызғалдағымен жиі будандасады. Қолдан жақсы өсіп, көшеттер өмірінің 5-ші жылында алғаш рет гүлдейді. Апдыңғы түр сияқты, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарының аумағында, Сайрам-Өгем және Сырдария-Түркістан үлттық парктерінде, «Берқара» ботаникалыққорықшасында қорғалады.