Ұсыныс / пікір

Ұсыныс / пікір

Зинаида қызғалдағы

 

Зинаида қызғалдағы 1935 жылы А.И.Введенский сипаттаған. Қырғыз жотасының жергілікті өсімдігі, тек қана Мерке өзенінің аңғарында және көршілес сайларда, сонымен қатар Қырғызстанда кездеседі. Өмірін орта азиялық қызғалдақтарды зерттеуге арнаған ташкент профессоры Зинаида Петровна Бочанцеваның (1907-1973) құрметіне аталған. Таулардың төменгі белдеулеріндегі жұмсақ және аз қиыршықты тік беткейлерде, көбінесе бұталардың арасында өседі. Барлық қазақстан қызғалдақтарының ішіндегі ең әдемілерінің бірі. Үш бозғылт жапырағы бар сабағының ұзындығы 25-30 см. Кесе тәріздес қанық түсті гулдерінің биіктігі 5-6 см. Гүлсерігінің барлық жапырақтарының ішкі жағы ашық сары түсті, сыртының жотасы қызыл, шеттерінде жіңішке сары жиегі бар. Бұл түрдің ерекше белгісі - қызыл гүлді формаларда да бірдей ажыратылатын гүл түбіндегі анық алтыбүрышты қара дақ болып табылады. Тек қана түқым арқылы көбейеді. Саны көп емес, тығыздығы 1 м2-қа 48 данаға жетеді, бірақ орташа есеппен 10-нан аспайды. Мәдени жағдайда көшеттер 5-жылда гүлдейді.

Бүл түр агротехникалық күтімге өте сезімтал - өсімдіктің барлық мүшелері үлкейеді, көп гүлді дарақтар пайда болады (бір сабақта 2-3 гүлге дейін). Коллекцияларда сирек. Тек Мерке қорықшасында ғана қорғалады.