Ұсыныс / пікір

Ұсыныс / пікір

Грейг қызғалдағы

Грейг қызғалдағы - қазақстан қызғалдақтары ішінде бүкіл әлемге ең танымал және белгілі түр. 1868 жылы Э.Л. Регель Қаратау тауларынан сипаттаған. Ресейдің бағбандар қауымы президенті - Самуил Алексеевич Грейгтің қүрметімен аталған. Жазық жерлерде,тау бөктерлерінде және тауларда субальпілік белдеудің төменгі шегіне дейін өседі. Қазақстанда Қызылорданың шөлді алқаптарынан Қаратау және Батыс Тянь-Шаньмен бірге солтүстік Шу-Іле тау сілемдеріне дейін сонымен бірге, Алматы облысының шекарасына дейін таралған. Бұл түр 1877 жылдыңөзінде Голландияда бірінші класстық сүрып дипломына лайық болған. Оны қызғалдақтардың патшасы деп есептейді. Оның негізгі ерекше белгілері - күшті биік сабағы, диаметрі 10-15 см-ге дейін жететін бокал тәрізді ірі гүлі мен қою қызыл тарғыл жапырақтары болып табылады. Гүлдің мөлдір, қанық бояуы әр түрлі формаларында алқызыл түстен қызыл, қызғылт сары, сап-сары, ақшыл сары және ақшыл түске дейін өзгереді.Сырдариялық Қаратаудағы тамаша шатқалдардың бірі Берқарада бізбен 10 формадан аса түр сипатталды. Мүндай жерлердегі іріктеп алынған формалар тек көбейтуге тәуелді және ешқандай арнайы селекциялық жұмыстарды қажет етпейді. Белгілі голландиялық коллекционер Д.Лефебр қарапайым сұрыптау жолымен өзінің көптеген керемет сүрыптарын алды. Жалпы, бүл түр жеке класқа бөлінген шамамен 300 сұрыптың арғы тегі болып табылады, ол мәдени қызғалдақтардың бүгінгі таңдағы ассортиментінің 5% - дан көбін құрайды. Түрге егерде жақсы агротехникалық күтім жасаса жақсы өседі. Тұқыммен көбейеді. Алматы қаласында сынап көргенде алғаш рет 4-жылы гүлдеді. Толығымен күтімсіз қалған 18 жыл бұрыңғы коллекциядағы жеке дарақтар әлі күнге дейін сақталғандіпті гүлдеуде.

Жамбыл облысының оңтүстігінің кең байтақ жазықтарында кездесе отырып Грейг қызғалдағы ландшафттарға таңғажайып сұлулық пен әсемдік беріп безендіреді. Жеке жерлерде қызғалдақтардың 1 м2 жерде 60 гүлдеп тұрған дарақтан тұратын үлкен алаңдарының сұлулығын айтуға сөз жетпейді, әсіресе, өңделген алаңдардың айналасы тіпті керемет. Алқызыл от сияқты жалындап тұрған мұндай «қызыл төбешіктер» бірнеше километрден көрінеді.

Грейг қызғалдағы популяциясын қорғайтын территориялар - Ақсу-Жабағлы және Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем және Сырдария-Түркістан ұлттық парктері, сонымен бірге, «Қызыл төбешік» мамандандырылған ботаникалық қаумалы. Жамбыл облысында тек екі қорықша бар-Берқаражәне Меркі.