Альберт Қызғалдағы - 1877 ж. Қоянкөз тауынан Альберт Регельдің жинаулары бойынша сипатталып, атымен аталған. Қызыл кітапқа енген Қазақстан эндемигі. Сырдария Қаратауында, Шу- Іле тауларында, Бетпакдала шөлінің оңтүстігінде, Шолақ тауларында және Қапшағай суқоймасыныңжағалауларында кездеседі. Апаса таулардың құрғақ бөктерлерінде, қиыршықты және сазды жазықтарда өседі. Гүл түсінің әр алуандығымен ерекшеленеді. Қызғалдақтың басқа да көптеген түрлері сияқты, әртүрлі вариациялары азғантай аумаққа шоғырланатын болғандықтан, гүлдеп тұрған қопалары ерекше көз тартады. Әдемі гүлімен қатар, ерекше көкшіл жапырақтарымен де тартымды болғандықтан, тіпті қысқа сабақтың өзінде өте әдемі көрінеді.
Бірінші сәуірден мамырдың алғашқы он күндігіне дейін гүлдейді. Популяция тығыздығы жоғары емес - ең оңтайлы жағдайларда орташа есеппен 1 м2-қа 16 дарақты құрайды. Тұқым арқылы көбейеді. Бұзылмаған мекен орталарында түрдің жағдайы жақсы - популяцияларда барлық жас топтары бар және өскіндермен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Жоғары қарқынды жайылымдық аймақтарда түр тығыздығы төмендейді, жас дарақтарының үлесі екі есе азаяды. Қолдан алдыңғы екі түрмен салыстырғанда өнгіштігі азырақ- көшеттер кешірек гүлдеп, ересек өсімдіктер ертерек түсіп қалады. Қаратау қорығы мен Аптын-Емел ұлттық паркінде қорғалады.